
7 маусым күні Engineering Services компаниясында қызметкерлер арасында корпоративтік футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнир әріптестерді бір алаңға жинап, командалық рухты, достықты және салауатты өмір салтын насихаттайтын жарқын іс-шараға айналды.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және нағыз командалық бірлікті көрсетті. Турнир қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұжымдық мәдениетті дамытуға өз үлесін қосты.
🏆 Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын және басты жүлде — күншуақты Ташкент қаласына жолдама — «Техқадағалаушылар» командасына бұйырды.
🥈 2-орынды «Басқарма 1» командасы иеленіп, 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

🥉 3-орынды Road to Tashkent командасы жеңіп алып, 70 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдеге ие болды.

🏅 4-орынды FC Monolith командасы иеленіп, арнайы сыйлық — Компанияның CEO-мен таңғы ас ұтып алды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Әдемі ойын, жоғары спорттық рух және корпоративтік бірлік үшін алғыс білдіреміз.

Engineering Services командасы жоғары нәтижелерге тек жұмыста ғана емес, спорт алаңында да бірге қол жеткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Похожие статьи