Engineering Services командасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау көрсетті

Сенбі күні, 10 қазанда, Engineering Services командасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен ағаш отырғызды.

Компания қызметкерлері қаланы көгалдандыруға және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға өз үлестерін қосу үшін бірлесе еңбек етті. Engineering Services үшін мұндай бастамаларға қатысу — экологиялық жобаларды қолдау ғана емес, қоршаған ортаға нақты іс-әрекет арқылы пайда әкелудің бір жолы.

Бірлескен жұмыстан кейін команда бейресми жағдайда бас қосып, бірге түскі ас ішіп, әріптестік қарым-қатынасты нығайта түсті. Мұндай сәттер қала үшін пайдалы іс жасауға ғана емес, компания ішіндегі командалық рухты күшейтуге де мүмкіндік береді.

Engineering Services командасына және Сарайшық ауданы әкімдігіне қолдау мен ұйымдастыру үшін алғыс білдіреміз.

Engineering Services — Біз тұрақты және сенімді орта қалыптастырамыз.

0

Похожие статьи

Главная О компании Проекты Услуги

Связаться

Заполните Ваши данные, мы с вами обязательно свяжемся

    Оставляя свои данные, вы соглашаетесь на обработку персональных данных в соответствии с Политикой конфиденциальности