Бүгін Engineering Services компаниясында жоғары кәсібилік танытып, бастамашылдығымен және компанияның дамуына қосқан елеулі үлесімен ерекшеленген қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Корпоративтік номинациялар әріптестеріміздің жетістіктерін мойындап, тиімділік, сапа және командалық өзара әрекеттестік мәдениетін нығайтуға бағытталған.

«Лин-сарапшы»
Искаков Нариман — ЭСиСС бойынша жетекші ТҚ инженері.
«Тиімділік сарапшысы»
Гельд Вера — ДМС бас маманы.
«Сапаны қамтамасыз ету шебері»
Мусатаева Зарина — тендер бөлімінің жетекші маманы.
Магдеев Сергей — жалпы құрылыс жұмыстары бойынша жетекші ТҚ инженері (Атырау филиалы).
«Үздік тәлімгер»
Адамов Габит — жалпы құрылыс жұмыстары бойынша бас ТҚ инженері.
«Коммуникация шебері»
Ахметов Тулеген — ЭСиСС бойынша жетекші ТҚ инженері.
Engineering Services компаниясында әр қызметкердің еңбегі жоғары бағаланып, кәсіби даму, тәжірибе алмасу және ішкі ынталандыру мәдениеті жүйелі түрде дамытылып келеді.
Осындай бастамалар командалық рухты күшейтіп, әріптестерді жаңа нәтижелерге шабыттандырады.
Жеңімпаздарға марапат ретінде Бурабайда демалыс ұсынылды.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және еңбектері, жауапкершілігі мен Engineering Services компаниясының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.