Молдовада Engineering Services, ASM gold компаниядардың басшылығы мен Қазақстан Республикасының Елшілігі арасында кездесу өтті

Кишинев қаласында Engineering Services, ASM gold компаниялардың басшылығы Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмат Айдарбековпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Мирхат Жүнісбеков және Молдова–Қазақстан бизнес-кеңесінің хатшысы Руслан Доменко қатысты.

Кездесу барысында іскерлік байланыстарды дамытудағы перспективалы бағыттар, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан Елшілігі екі елдің мүдделі тараптары арасында іскерлік байланыстарды орнату және дамытуға жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар байланыстарды одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдіріп, сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Engineering Services компаниясы қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысына қолдау көрсеткені, ашық диалог пен халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

1

Похожие статьи

Главная О компании Проекты Услуги

Связаться

Заполните Ваши данные, мы с вами обязательно свяжемся

    Оставляя свои данные, вы соглашаетесь на обработку персональных данных в соответствии с Политикой конфиденциальности www